«Аударыспақ» федерациясының және Атпен күрес бойынша әлемдік федерацияның президенті, Atasu Group халықаралық көлік-логистикалық холдингінің негізін қалаушысы әрі иесі.
2023 жылы Марат Жұманның бастамасымен Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Мажарстан, Қытай, Моңғолия және Ресей өкілдерін біріктірген Атпен күрес бойынша әлемдік федерация құрылды.
«Аударыспақ — жай ғана спорттық сайыс емес. Онда халқымыздың тарихы, мінезі, күші мен дәстүрі көрініс тапқан.
Біздің міндетіміз — осы бірегей мұраны сақтау, спортшыларға лайықты жағдай жасау және ұлттық спортты болашақ ұрпаққа жеткізу.
2023 жылы Атпен күрес бойынша әлемдік федерацияның құрылуы халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болды. Біз өз дәстүрі бар және осы тартысты спорт түрін дамытуға ұмтылған елдерді біріктірдік.
Біз халықтар арасындағы спорттық және мәдени байланыстарды бізбен бірге нығайтуға дайын жаңа қатысушыларға ашықпыз».
Марат Жұман
«Аударыспақ» федерациясының президенті
Атпен күрес бойынша әлемдік федерацияның президенті